«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы ауа райы туралы ескерту жасады.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 6 қазанда Абай, Ақмола және Павлодар облыстарының кей аймақтарында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимін және көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтау, сонымен қатар жолдағы ауа райы туралы мәліметтерге назар аудару ұсынылады. Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады, – делінген хабарламада.
