Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Қайрат» пен «Интер»: матч билеті «Реал» ойынынан 10 есе арзан

Фото: Getty Images

Не болды?

«Қайрат» пен «Интердің» Миландағы матчының билеті Алматыда «Реал Мадридпен» өткен ойыннан ондаған есе арзан. Бұл туралы Goalkz_official футбол медиа-ресурсы хабарлап отыр.

Мәлімет

6 қарашада Италияда УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Қазақстан командасы «Қайрат» пен Италия командасы «Интер» футбол ойнайды. Ойынға билет сатыла бастады. Италия алаңында өтетін матч билеті 3 840 теңгеден басталады. Қазақстандағы жанкүйерлер билет бағасын қызу талқылап жатыр.

Жарияланған мәлімет бойынша, билет бағасы мынадай:

  • Terzo Rosso – 6 € = 3 840 теңге.

  • Terzo Rosso Centrale – 10 € = 6 400 теңге.

  • Secondo Rosso Centrale – 19 € = 12 160 теңге.

Орталық секторлардағы баға қымбатырақ:

  • Tribuna Arancio 158 – 55 € = 35 200 теңге.

  • Tribuna Arancio Central – 59 € = 37 760 теңге.

  • Tribuna Arancio 164 – 55 € = 35 200 теңге.

Goalkz_official жазуына қарағанда, Италиядағы орташа жалақы – 1 570 000 теңге.

Естеріңізге салайық, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті €46-дан €390-ға дейін (29 440 – 249 600 теңге) бағаланған еді.

Контекст

Бұған дейін азаматтар әлеуметтік желіде «Қайрат» — «Реал» матчының билетіне қатысты мәселе туралы жазған еді.

Freedom Holding басшысы Тимур Турлов «Қайрат» – «Реал» матчы билеті мәселесіне алып-сататындарды кінәлады.

Анықтама

«Қайрат» пен «Интердің» Миландағы матчы 6 қараша күні, сағат 01:00-де Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында өтеді.

Exit mobile version