Не болды?
Freedom Holding басшысы Тимур Турлов «Қайрат» – «Реал» матчы билеті мәселесіне алып-сататындарды кінәлады. Оның айтуынша, алып-сататындар билеттің сұранысы жоғары екенін пайдаланып, айласын асырған.
Мәлімет
«Қайрат» – «Реал» матчының билетіне сұраныс стадион сыйымдылығынан әлдеқайда көп болған. Freedom Holding басшысы Тимур Турловтың айтуынша, Freedom мен Ticketon жүйесінде ешқандай ақау болмаған.
Сұраныс ұсыныстан асқан кезде, өкінішке қарай, адамдарға әрдайым билет жетпейді. Кезегін күте алмағандар мен әлдеқашан сатылып кеткен билеттерді сатып алуға тырысатын адамдар да болады. Бұл инфрақұрылымға үлкен жүктеме түсіреді. Біз билетсіз кірмек болғандарды да, билет сатуға тырысқан алаяқтардың да көп болғанын байқадық, – деді Тимур Турлов журналистерге Астанада өткен Digital Bridge 2025 форумында.
Контекст
Естеріңізге салайық, бұған дейін азаматтар әлеуметтік желіде «Қайрат» — «Реал» матчының билетіне қатысты мәселе туралы жазған еді.
Бұған дейін Алматы қаласы қоғамдық кеңесі спорт жарыстарына билет сату мәселесі бойынша дөңгелек үстелі өткізген еді.

