Не болды?
Алматыда қызды үйіне дейін аңдып барған, арсыз әрекет жасап, кейін қашып кеткен 14 жастағы жасөспірім ұл ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Кәмелетке толмаған бала мектепішілік есепке алынды. Полицияның мәліметінше, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Бұл жағдайды Түрксіб аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссия талқылайды.
Контекст
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде 9 қыркүйекте жасөспірім ұлдың бір қызды аңдып, кейін оған жақындап, қол тигізіп, қашып кеткен сәті түсірілген видео тараған еді.