Басты бет Жаңалықтар Өскеменде көшеде тапанша ұстап жүрген жасөспірім қолға түсті

Өскеменде көшеде тапанша ұстап жүрген жасөспірім қолға түсті

Фото: Reuters.com
Өскемен орталығында 2008 жылы туған жасөспірімнен травматикалық тапанша тәркіленді. Бұл туралы YK-news.kz хабарлап отыр.

Оқиға Ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция қызметкерлерінің бірлескен патрульдеу кезінде болды. Назарбаев даңғылында олар өзін агрессивті ұстаған жасөспірімді байқап қалған.

Бізді көрген кезде ол аулаларға қарай қашпақ болды, алайда қолға түсті, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері.

Тексеру барысында жасөспірімнің сөмкесінен травматикалық тапанша табылды. Ол ары қарайғы тексеру үшін Ертіс аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Exit mobile version