Басты бет Жаңалықтар Алматыда қызды аңдыған ер адам іздестіріліп жатыр

Алматыда қызды аңдыған ер адам іздестіріліп жатыр

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматы тұрғыны өзін белгісіз ер адам аңдып, кейін шабуыл жасауға тырысқанын айтып, шағымданды. Бұл туралы ПД хабарлап отыр.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода қыздың Түрксіб ауданындағы көшеде кетіп бара жатқаны көрінеді. Оның артынан ер адам біршама уақыт еріп жүріп, жан-жағына жалтақтағаны байқалады. Қыз қақпаға жақындаған сәтте ер адам артынан жүгіріп келіп, қызды қысып ұстап, артынша қашып кеткен.

Ол менің артымнан еріп, интимді жеріме қолын тигізіп есікке тақады. Егер оны танып жатсаңыздар, хабарлауды сұраймын, бұл видеоны өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да қорғау үшін таратыңыздаршы. Бұл арсыз мені аңдыды. Мен сені табамын, оңайлықпен қоймаймын, – деді жәбірленуші.

Алматы полиция департаменті аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Exit mobile version