Теміртау қаласында мектептерде жарылғыш зат бар деген ақпарат таралып, тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды.
Бұл туралы Қарағанды облысы ПД хабарлап отыр.
Ресми түрде мәлімдейміз: бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Әдейі жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық білім беру мекемелері полиция қызметкерлері тарапынан тексерілді және қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, – делінген хабарламада.
Ведомство жалған «әзілдердің» авторлары үшін салдары ауыр болатынын ескертті: терроризм актісі туралы жалған хабарламалар үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.