Басты бетЖаңалықтар10 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болады?

10 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 қыркүйекте ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 10 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 10 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні 16 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында аздап нөсер жаңбыр жауады. Алматыда 10 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталды. Қостанайда 10 қыркүйекте кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Астанада 10 қыркүйекте найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 10 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі бар. Түркістанда 10 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 10 қыркүйекте найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Павлодар облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Петропавлда 10 қыркүйекте найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман болады.