Басты бетЖаңалықтарТЖМ-ның жаңа ережесі: енді тауға бара жатқаныңды айту міндетті

ТЖМ-ның жаңа ережесі: енді тауға бара жатқаныңды айту міндетті

Не болды?

Енді тауға, үңгірге және басқа да жету қиын аймақтарға шықпас бұрын туристер  маршрутын құтқарушыларға хабарлауға тиіс. Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа ереже бекітті.

Мәлімет

ТЖМ-ның «Өмір үшін қауіп-қатері жоғары болуына байланысты жетуі қиын жерлердің, су, таулы және спелеологиялық объектілердің тізбесін және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына хабарлау қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 тамыздағы № 363 бұйрығы шықты.

Жаңа ереже бойынша, туристер таудағы маршрутын аумақтық құтқару органдарына ұсынуы керек. Мұны бірнеше жолмен жасауға болады:

  •  eQonaq жүйесі мен мобайл қолданба арқылы;
  • өңірлік бөлімшенің электрон поштасына жолдау арқылы;
  • 112 телефонына хабарласу арқылы.

Хабарламада туристің аты-жөні, байланыс деректері, маршрут туралы мәлімет — басталу және аяқталу нүктесі, ұзақтығы, түнейтін және демалатын орындары көрсетілуі қажет.

Тауға топ болып шықса, хабарламаны қатысушылардың бірі жолдап, қалғандары туралы ақпарат көрсетуге міндетті.

Контекст

Бұған дейін тәжірибесі жеткіліксіз жастардың жалғыз өзі немесе толық зерттелмеген бағытпен тауға шыққан жағдайларды бірнеше рет жазған едік. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар қайғылы аяқталып жатады.

Естеріңізге салайық, 31 тамызда турист Сайрам шыңында тама-сусыз үш күн өткізген еді. Оның жолдасы жардан құлап, қаза болған.

Бұған дейін альпинист Наталья Наговицина Жеңіс шыңында қаза тапқанын жаздық.