Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда сайлау ережелері қатаңдайды

Қазақстанда сайлау ережелері қатаңдайды

Мәжіліс депутаттары сайлау туралы заңға енгізілетін түзетулерді талқылап, жаңа заң жобасын қабылдады.

Құжат бойынша, бір кандидат енді бірнеше округтен сайлауға түсе алмайды, сонымен қатар мәжіліс пен мәслихатқа қатарынан үміткер болуына тыйым салынады. Әкімдікке үміткерлер үшін міндетті түрде сайлау қоры құру талабы енгізіледі.

Сонымен қатар президентке, депутаттарға, әкімдерге және Орталық сайлау комиссиясының мүшелігіне үміткерлер ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотталмаған болуға тиіс. Үгіт-насихат жүргізу тәртібі нақтыланып, заң талаптарын бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Конституциялық заң жобасының мақсаты – сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіруге және заң нормаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге бағытталған, – деді мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежана Имашева.

Заң жобасы алдағы уақытта парламентте қаралады.