Басты бет / Жаңалықтар /
Нұрлан Әбдіров
Фото: Ақорда

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақала туралы ойыңыз?