Басты бет Жаңалықтар Енді Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен ғана бара алады

Енді Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен ғана бара алады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Парламент мәжілісі Қазақстан үкіметі мен Армения үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, келісімге 2024 жылғы сәуірде президенттің Арменияға ресми сапары аясында қол қойылған.

Құжат бойынша, мемлекет азаматтарының елде 30 күн болғаннан кейін полицияда тіркелу міндеті енгізіліп отыр. Қазір олар полицияға бармай 90 күн бола алады. Бұл норманы енгізу көші-қон бақылауының тиімділігін арттырады. Сонымен бірге келісімде ұлттық заңнамаларға сәйкес 90 күннен астам елде болу мерзімін ұзарту мүмкіндігі көзделген. Уақытша тұруға рұқсат алу жеткілікті. Осылайша, екі жақ үшін визалық режим жойылады. Бұл азаматтардың елдерге келу кезінде шығындарын азайтады, — деді Ержан Сәденов мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар елге кіру үшін қажетті құралдар тізбесіне мыналар енгізіледі:

  • Армения азаматтары үшін сәйкестендіру картасы;
  • Қазақстан азаматтары үшін жеке куәлік.

Осылайша, Қазақстан азаматтары Арменияда ішкі құжатпен жүре алады.

Exit mobile version