8 тамызда АҚШ астанасы Вашингтонда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян қақтығысты реттеу туралы декларацияға қол қойды. Келісім рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға ресми сапары аясында ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонянмен бірге Месроп Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтына барды.