8 тамызда АҚШ астанасы Вашингтонда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян қақтығысты реттеу туралы декларацияға қол қойды. Келісім рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп қатысты.
Бұл – Армения мен Әзербайжан арасындағы тарихи кездесу, – деді Трамп салтанатты іс-шарада.
Көп жыл бойы бейбіт келісімге қол қоюға кедергі болған басты мәселе – Зангезур дәлізі бойынша түйткіл шешімін тапты. Бұл дәліз Әзербайжанды Нахчыванмен Армения аумағы арқылы байланыстырады.
АҚШ президентінің айтуынша:
«Трамп бағыты» деп аталатын жаңа транзиттік аймақ құрылады;
Әзербайжан өз аумағына толық қолжеткізеді;
Арменияның егемендігі толық сақталады;
АҚШ-пен арнайы экономикалық серіктестік орнатылады.
Біз бұрынғы келіссөздерді тығырыққа тіреген түйінді шештік, – деді Дональд Трамп.
Келісім аясында америкалық компаниялар инфрақұрылымды дамытуға ірі инвестиция құюға дайын.
Келісім іске асқан жағдайда, аймақта:
Жаңа жолдар мен теміржол желілері салынады;
Сауда айналымы бірнеше есе өседі;
Инвестициялық климат жақсарады.