2020 жылы RBK Bank банкінен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, түрмеден босады.
Бұл ақпаратты қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.
Бұл адам сот үкіміне сай қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеген. Соттың шешімімен ол рақымшылыққа ілініп, босап шықты, — деп растады ҚАЖК баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2020 жылы Жомарт Ертаев RBK Bank банкінен 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған болатын.