Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот үкімімен экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды.

Мемлекеттік айыптау Жомарт Ертаев кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, залалды ішінара өтегенін, сонымен бірге кәмелетке толмаған балалары барын ескерген.

Айта кетейік, осы іс бойынша 37 адам сот алдына келді. Прокурор олардың 36-сын кінәлі деп тануды сұрады. Сотталушылардың бірі қайтыс болды.

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот 2019 жылдың соңыда басталды. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.

ДереккөзTengrinews.kz