Басты бетЖаңалықтарЕнді банктер 1 миллион теңгеден жоғары несиені 24 сағаттан кейін ғана мақұлдайды

Енді банктер 1 миллион теңгеден жоғары несиені 24 сағаттан кейін ғана мақұлдайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қаржы алаяқтығына қарсы күрес аясында несие рәсімдеу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы айтты.

Енді банктер үшін қарыз беруде «салқындату кезеңі» қолданылады. Яғни 255 АЕК-тен (шамамен 1 миллино теңге) жоғары кредиттерді рәсімдеу кезінде банк өтінішті бірден мақұлдамайды. Міндетті түрде 24 сағаттық үзіліс болады. Осы уақыт ішінде қарызды рәсімдеушінің шын мәнінде өзі екені, алаяқтық белгілерінің жоқтығы арнайы тексеріледі.

Бұл өзгеріс қарыз алушының өзі алаяқтардың ықпалына түсіп қалған жағдайда ойлануына, несиеден бас тартуына мүмкіндік береді. 24 сағаттық кезең тек 1 миллион теңгеден асатын несиелерге қолданылады, – деді Мәдина Әбілқасымова парламент кулуарында.

Сонымен бірге 150–250 АЕК аралығындағы кредиттерге (шамамен 600 мың – 1 миллион теңге) сегіз сағаттық «салқындату кезеңі» енгізілді. Бұрын мұндай қарыздар бірнеше минутта мақұлданатын болса, енді банктер оны алаяқтық типологиясына сәйкестігін тексеру үшін кемінде сегіз сағат күтуге тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да