Басты бетЖаңалықтарБелгілі журналист Айгүл Аханбайқызы қайтыс болды

Белгілі журналист Айгүл Аханбайқызы қайтыс болды

Журналист Айгүл Аханбайқызы 53 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Ойтоған ауылында дүниеге келген. 1990-95 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған.

Журналист «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі», «Егемен Қазақстан» сияқты газеттерде жауапты қызметтер атқарған. «Оқырман күткен әңгіме» деген кітап жазған.

Өмірден озғанына қарамастан, Айгүл Аханбайқызының жарқын бейнесі, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырманнның және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз, — деп көңіл айтты мәдениет және ақпарат министрлігі.

Айгүл Аханбайқызы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Baribar.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.