Басты бетЖаңалықтарӨсімдік майын таңбалау бойынша пилоттық жоба басталады

Өсімдік майын таңбалау бойынша пилоттық жоба басталады

2025 жылғы қыркүйекте Қазақстанда өсімдік майын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Тиісті бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрі қол қойды. Бұл бастама өсімдік майын өндіру және айналым саласына заманауи цифрлық қадағалау құралдарын енгізуге бағытталған.

Пилоттық жоба аясында өсімдік майы және оның фракциялары таңбаланады. Негізгі міндет – ықтимал техникалық және ұйымдастырушылық тәуекелдерді анықтау, жекелеген процестерді жетілдіру қажеттілігін бағалау және міндетті таңбалаудың нормативтік әрі әдістемелік базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Нарық қатысушылары жүйенің функционалын тегін сынақтан өткізе алады, таңбалауды қолданыстағы өндірістік процестерге енгізуді пысықтайды, сонымен қатар таңбалау кодтарын енгізудің әртүрлі тәсілдерін бақылау.

Таңбалаудың мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау, өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес, жеткізілім тізбегінің ашықтығын арттыру және қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту.

Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша үкімет өсімдік майын міндетті түрде таңбалауды енгізу туралы шешім қабылдайды.