Осыдан бес жыл бұрын 161 елдің өкілі жасырын дауыс беру арқылы 2017 жылы мамандандырылған көрмені Астанада өткізуді қолдады. Кейіннен кешен орталығында сферасы бар жоба жеңіп шықты. Дәстүрлі түрде құрылыс нысаны көрме символы болып табылады. 1889 жылы ең алғашқы көрмеде Париждегі Эйфель мұнарасы болды, ал 2017 жылы – ұлттық павильонның сферасы болмақ.
“Бүгінде 20 нысанның 18-і аяқталды. Екі нысанда жұмыс жүріп жатыр – бұлар Конгресс-орталық пен қонақүй”, – деді Ахметжан Есімов.
“Бізге заманауи технологияларды көбірек пайдалану қажет, шет елден келетін көрме қонақтарына көрсетуіміз қажет”, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
“Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ ақпаратынша,көрмеге 310 мың шетелдік азаматтар келеді. Көрме басталған уақытта министрлік қосымша рейстерді қосуды көздеп отыр. Сондай-ақ Польша, Венгрия, Финляндия және Қытайдан аптасына 11 рейс келіп тұрады.