Басты бетPushЕлена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Не болды?

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Sportburo.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Елена Рыбакина ширек финалдағы кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы беларусь Арина Сабаленканы 6:1, 6:4 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 16 минутқа созылды. Бұл теннисшілер осы кездесуге дейін 11 рет кездесіп, жеке кездесулерінде Сабаленка 7-4 есебімен алға шыққан болатын.

Елена Рыбакина алдағы жартылай финалда поляк Ига Свионтекке қарсы шығады.

Анықтама

Елена Рыбакина — Қазақстан спортшысы, әлемнің 10-шы ракеткасы.

WTA-1000 турнир Цинциннатиде 7-18 тамыз аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 5,1 миллион доллар.