Басты бетЖаңалықтарКонституцияның 30 жылдығына орай коллекциялық монеталар айналымға шығады

Конституцияның 30 жылдығына орай коллекциялық монеталар айналымға шығады

Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан Қазақстан конституциясына 30 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Монеталарда ел Конституциясын айшықтайтын ашық кітап, ал оның үстінде Қазақстан картасының контуры фонында «30» саны бейнеленген. Қазақстан картасының дәл ортасына күнді бейнелейтін шаңырақ орналасқан. «30» санын бейнелеу ісінде алтын жалату технологиясы қолданылған.

Монеталар: алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», номиналы 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана;

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.