Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда астық жинау науқаны басталды

Қазақстанда астық жинау науқаны басталды

Қазақстанда тамыздың үшінші онкүндігінде жаппай егін жинау науқаны басталады. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді.

Бүгінде жаңа өнім жинау жұмысы 12 облыста және Шымкент қаласында жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері топыраққа 1,7 миллион тонна тыңайтқыш қосты. Бұл – жылдық жоспардың 88%-ы. Қалған көлем күзгі жырту кезінде енгізіледі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов техниканың дайындық деңгейі 93% екенін хабарлады. Жаппай жинау кезеңінде бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді. Астық жинауға мынадай техникалар жұмылдырылады. Егін жинау жұмысына 402 мың тонна арзандатылған дизель бөлінді. Оның 42%-ы (9,3 мың тонна) жеткізілді. Бағасы нарықтан 18-20%-ға төмен.

Көктемгі дала және жиын-терім жұмысына 5%-дық жеңілдетілген несие қарастырылған.

  • 7 543 өтінім түсіп, 499,4 миллиард теңге сұралды;
  • 7 485 шаруашылыққа 490,1 миллиард теңге берілді;
  • 7,8 миллион гектар егістік қамтылды.

Алматы және Жетісу облыстарында вегетациялық кезең қауіпсіз өтіп жатыр. Жамбыл облысында суару жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр.

Вице-премьер өңірлердің жағдайын тыңдап, егін жинау кезінде туындайтын мәселелер апта сайын шешілетінін айтты.