Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу қажеттігін атап өтті.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Әлем жаңа технологиялық дәуірге қадам басты, ал озық ойлы ұлт болу үшін инновацияларды игеру – басты шарт. Біздің міндетіміз – жаһандық үрдістерге бейімделу. Цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану білім саласындағы теңсіздікті жойып, оқу сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді мемлекет басшысы.
Бүгінде еліміздегі мектептердің 95%-дан астамы жылдам интернетке қосылған. Президент бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді тапсырды және бұл мәселені әлеуметтік әділдіктің маңызды қағидаты ретінде қарастыру керегін айтты.