Басты бетЖаңалықтарАлматыда үстіне ағаш құлаған қыз қаза болды

Алматыда үстіне ағаш құлаған қыз қаза болды

Алматыда жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан қыздың үстіне ағаш құлады. Бұл туралы қалалық ПД хабарлап отыр.

Желідегі мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Әди Шәріпов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында болған. Жұмыстан кофе алуға шығып, қайтып келе жатқан кезде үстіне ағаш құлаған. Ол алған жарақаттарынан қаза болды.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі растап, тергеу жұмыстарын бастады.

Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталып жатыр, — делінген хабарламада.