Басты бет Жаңалықтар Айдос Сарым Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі болып тағайындалды

Айдос Сарым Ұлттық кітапхана директорының кеңесшісі болып тағайындалды

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына директордың кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Айдос Сарым. Фото жеке архивінен алынды

Бұл туралы Ұлттық кітапхананың Фейсбуктегі ресми парақшасында жария етілді.

«Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаттанушы Айдос Сарымды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына директордың кеңесшісі қызметіне тағайындады. Еліміздің патриотына шығармашылық табыс тілеп, əріптес атанғанымызды жеткіземіз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ұлттың руханияты — Ұлттық кітапхананың рухани құндылықтарынан ақпарат алып, жаңа жобалар мен мақсаттарға қанығып, әруақытта ел игілігіне жасалатын шараларымыз бен жобаларымызға қолдау көрсететінін жеткізіп кетті», — делінген хабарламада.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version