Басты бет Жаңалықтар Үш тілді меңгергендер 20%-дан асты — Арыстанбек Мұхамедиұлы

Үш тілді меңгергендер 20%-дан асты — Арыстанбек Мұхамедиұлы

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы қазақ тілін меңгерген тұрғындар үлесі 82,3 пайызды құрағанын мәлімдеді.

«Жыл сайынғы жүргізілген зерттеу нәтижелері тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруінде оң динамиканы көрсетті. 2016 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 82,3 процентті құрады. Үш тілді меңгерген xалықтың үлесі де жақсарып келеді. Ересек тұрғындар мен 12-17 жас аралығындағы оқушыларды қоса алғанда, үш тілді меңгергендердің үлесі 20,5 процентті құрады», — деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуіріндегі жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулысында еліміздің бірқатар облыстық, аудандық оқыту орталықтары жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар тізбесіне 39 орталық енгізілген болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version