Алматыда 10 тамыз күні әлемдік поп-жұлдыз Женифер Лопездің концерті өтеді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, әлемдік жұлдыздың ән кешіне 20 мыңнан астам көрермен жиналады.
Сондықтан Орталық стадионға кіру сағат 15:00-ден бастап ашық болады. Негізгі іс-шара сағат 19:00-де басталады. Негізгі жұлдыз сахнаға шыққанға дейін Қазақстан эстрадасының танымал орындаушыларының қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама өтеді. Олар стадионға келген алғашқы минуттардан-ақ мерекелік көңіл-күй сыйлайды, — делінген хабарламада.
Негізгі кіру аймақтары:
Абай даңғылы жағынан:
- 5-қақпа – 2–18 секторлар
- 6-қақпа – 19–25 секторлар, фан-аймақ және би алаңы
Байтұрсынұлы көшесі жағынан: 1 және 2-қақпа (отыратын секторлар)
Сатпаев және Шагабутдинов көшелері жағынан: сахна мен би аймағына өтетін көрермендер.
Сонымен қатар зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жүкті әйелдерге арналған бөлек кіреберіс болады.
Арнайы автобус бағыттары:
Концертке келетін адамдардың ыңғайлылығы үшін Орталық стадионға дейін және кері бағытта тегін автобустар ұйымдастырылады. Шаттл автобустар 15:00, 15:45, 16:30, 17:15 және 18:00 уақыттарында жүреді.
Стадионға жөнелту бағыттары:
- Halyk Arena – Халық Арена аялдамасы;
- Қалқаман – №7 қалалық аурухана аялдамасы;
- Орбита / Торайғыров пен Мұстафин қиылысы – Демирель колледжі аялдамасы;
- Райымбек / Алатау – Жақыбаев аялдамасы;
- Алматы-1 теміржол вокзалы;
- Almaty Arena – Алматы Арена аялдамасы.
Концерттен кейінгі қайту бағыттары (автобустар толыуына қарай жүреді):
- Сәтбаев көшесі – Қалқаман;
- Байтұрсынов көшесінің батыс жағы – Орбита;
- Байтұрсынов көшесінің шығыс жағы – Алматы-1 вокзалы;
- Абай даңғылының оңтүстік жағы – Халық Арена;
- Абай даңғылының солтүстік жағы – Almaty Arena және Райымбек / Алатау.