Әлемдегі әр бесінші адам онкологиялық ауруларға шалдығады. Бұл туралы Finprom.kz хабарлап отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі барлық өлім-жітімнің шамамен 15%-ы онкологиялық аурудан болады.
ДДҰ көптеген елде онкологиялық ауруларды емдеу және паллиативтік көмек көрсету бағдарламалары әлі де жеткілікті қаржыландырылмағанын айтады.
2022 жылы әлемде 20 миллион жаңа қатерлі ісік ауруы тіркелді, ал онкологиялық аурулардан қайтыс болғандар саны 9,7 миллион адамға жетті. Сонымен қатар диагноз қойылғаннан кейін шамамен 53,5 миллион адам бес жылдан астам өмір сүрді. Онкологиялық ауру барлық елде өсіп келеді. Қазақстан әлемдегі 185 елдің ішінде 61-ші орында тұр. 2022 жылы сарапшылардың деректері бойынша Қазақстанда онкологиялық аурудың 36,2 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркелді.
Қатерлі ісікке шалдыққан тұрғыны көп елдер – Қытай, АҚШ және Үндістан, Жапония мен Ресей. Ал Қазақстан науқастар саны бойынша Өзбекстан, Әзербайжан, Молдова, Армения, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстанды басып озды.