Басты бетЖаңалықтарТеңіз, тау, масалар: Ozon.kz-тегі қандай тауарлар жазда тренд болды?

Теңіз, тау, масалар: Ozon.kz-тегі қандай тауарлар жазда тренд болды?

Биыл мамыр-маусымда Қазақстан азаматтарының себеттерінен қандай күтпеген заттарды кездестіруге болатынын білу үшін Ozon Қазақстан талдау жасап, шолып шықты.

Сатылымы күрт артқан тауарлар: биыл жазда не нәрсе рекорд жаңартты?

Биыл қыста күн қатты суық болмаған соң және жәндіктер ерте пайда болғаннан кейін, репелленттер мен жәндік шаққаннан кейін қолданатын өнімдер әлдеқайда көп сатылды.

Көктемдегі көрсеткішпен салыстырсақ, Қазақстан азаматтары Ozon.kz сайтынан бұл тауарды саны жағынан 10 есе, ал ақша жағынан 12 есе көп алған. Мұндай жоғары көрсеткішті басқа ешбір тауар санаты көрсеткен жоқ.

Сонымен қатар елде нағыз жағажай бумы басталды. Күннен қорғайтын қолшатырлар, шезлонгтар мен жағажай сүлгілеріне сұраныс сан жағынан үш есе, ал ақша жағынан төрт есе артты.

Жаздың бестселлері: қазақстандықтар ең көп не сатып алды?

Жаз басталғанда азаматтардыңең көп сатып алған зат — жазғы киімдер. Футболка, белдемше, шолақ шалбар сияқты киімдер Ozon.kz сайтында былтырға қарағанда екі есе көп сатылған. Бұл көрсеткіш сатып алынған зат санына да, қаржыға да қатысты.

Жазда үнемі сұранысқа ие болатын тауарлар биыл да өз орнын сақтап тұр: күннен қорғайтын өнімдер мен шомылуға арналған киім — ең көп сатылған бес тауардың қатарына кірді.

Балаларға саяхат кезінде қажет болатын тауарларға сұраныс назарды аудартпай қоймады. Сұраныс 2025 жылғы көктемдегімен салыстырғанда 19% азайғанымен, бояу кітаптары мен ұшаққа арналған ойыншықтар әлі де жақсы сатылып жатыр.

Жайлы өмір арзан тұрмайды: бағасы өскен тауарлар

Қазақстан азаматтарының не сатып алатынын және қанша ақша жұмсайтынын сараптау арқылы тұтыну әдеттері қалай өзгеретіні анықталды. Бірінші орында қауіпсіздік мәселесі болған: көктемдегімен салыстырғанда су тазартатын таблеткаларға сұраныс 70% артқан. Статистика бұл тауар барлық тауардың ішінде көшбасшы болғанын және азаматтар бұрынғыға қарағанда сапарға жіті дайындалатынын, қауіпсіздікке мән беретінін көрсетеді.

2025 жылдың жазындағы сатып алу трендтері азаматтардың тауар таңдау әдеті өзгеріп жатқанын көрсетті. Енді адамдар Ozon.kz сайтынан демалысқа бір-екі зат емес, бірден бәрін бірге алып жатыр.

Ozon.kz сайтында 370 миллионнан астам тауар түрі бар. Оның барлығы — кітаптан бастап киім-кешекке, азық-түлік пен тұрмыстық техникаға дейін тегін әрі жылдам жеткізіледі. Маркетплейс арқылы 80 мыңнан астам жергілікті кәсіпкер өз бизнесін жүргізіп отыр, ал 700 мыңнан астам Қазақстан азаматы — белсенді сатып алушы.