Басты бет Жаңалықтар Шерзат Болаттың ағасына қатысты қылмыстық іс тоқатылды

Шерзат Болаттың ағасына қатысты қылмыстық іс тоқатылды

Видео скрині
Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеп отыр.

Нұрқанаттың ісі тоқтатылған!!! Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіретін боламыз, — деп жазды Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ер адам өзіне қол салған делінеді. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. 

2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзды деп, 15 тәулікке қамап тастаған еді.

Іске қатысы бар тоғыз азамат сотталған болатын.

Exit mobile version