Bek Air ұшағы 2019 жылы Алматы әуежайынан ұша сала, жерге құлаған еді. Апат бес жыл бойы тергеліп, тергеу аяқталған. Енді тергеу қайта басталады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет брифиңінде мәлім етті.
Былтыр бұрынғы көлік министрі Марат Қарабаев тергеу қайта басталуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Жаңа көлік министрі оның сөзін растап отыр.
Өкінішке қарай, әуе апаттары ұзақ қаралады. Қазір барлық құжат әлі дайындалып жатыр, — деп жауап берді Нұрлан Сауранбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Астанға бағыт алған ұшағы әуелі радардан жоғалып кеткен. Лайнер Алматы әуежайының маңында құлады. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апаттан 13 адам қаза тапты.