Басты бетЖаңалықтарАстана күні ХҚО-лар жұмыс істей ме?

Астана күні ХҚО-лар жұмыс істей ме?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі елорда күніне орай ХҚО мен арнайы ХҚО-лардың жұмыс кестесі туралы мәлімет берді.

Елорда күніне байланысты 7 шілде, дүйсенбі күні ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді.

Сенбі, 5 шілде күні кезекші ХҚО-лар мен МХҚО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.

9 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лардың тізімін мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram-парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.