Қалай әдемі, сәнді әрі арзан киінуге болады?

Ендеше «Жаман киінген әйел ешқашан жарқ етер мансапқа жете алмайды» деп есептейтін Эвелинаның нағыз әйелдерге арналған 10 қағидасын оқып көріңіз.

1 ереже: Ешқашан жасыңның нешеде екенін айтпа.

2 ереже: Сырт көзден өзіңнің әдемі аяқтарыңды жасырма.

3 ереже: Тым үлкен сөмке ұстама.

4 ереже: Бойың қысқа болса, биік өкшелі аяқ киімді тастама.

5 ереже: Нейл-артқа қызықпа, тырнақтың табиғи көрінгені әдемі.

6 ереже: Кестесіз, сызықтары, басқа да сәнді дүниелері жоқ дұрыс  джинсы ки!

7 ереже: Негізгі гардеробың болсын (жақсы джинсы, ақ жейде, шағын қара көйлек, классикалық қара шалбар, қара және ақ кофта, иыққа ілінген ақ майка, сарғыш кашемир пальто, қайық-туфли және т.б.)

8 ереже: Бет бояуын артық жақпа!

9 ереже: Сән қуып, сұлулық пен ұятсыздықтың ара жігін ажырата алмастай жағдайға жетпе.

10 ереже: Өзіңді сүй!

Сәнді киініп, қалтаға салмақ салмас үшін, Эвелина қаржыны қай бағытта жұмсау қажеттігін айтады:

Аксессуар киімнен де маңызды, оған ерекше көңіл бөлу қажет

Киім емес, аяқ киім қымбат болсын. Бағалы сөмке, тартымды аяқ киім және әшекей бұйым тағып, қарапайым джинсы шалбар мен аппақ футболканы бірден көз тартатын белбеушемен бірге кисең, нағыз стиль сенде ғана болады.

Киім өзің туралы ақпарат беретінін ұмытпа

Ақшаны күзде киетін пальто, плащ, қыста қажет тон, кеудеше не иленген тері тоны секілді бағалы киімдерден аямаңыз. «Әйелін күйеуінің жейде жағасына қарап сына, ал ерін әйелінің киген тонына қарап сына» дейді.

 Винтажды киімдерді де сәнге айналдыруға болады

Заманауи үлгідегі киім мен бұрынғы (винтажды) сәнде болған киімді бірге киіп, сұлу көрінуге болады. Анаңның не әжеңнің гардеробын өз киіміңмен қалай үйлестіруге болатынын ойланып көр. Тіпті, әкеңнің жейдесін шолақ шалбармен киіп, сәнді әшекей тағып та ерекше әдемі көрінуге болады.

Сәнді көрініс  сол адамның талмағының биіктігінен хабар береді. Ал сәнді киімді бір күнде барып сатып алу – барып тұрған ысырап. Өйткені, өзіңе ұнайтын бар дүниені бір күнде алу мүмкін емес. Кей кездерде ескі киімдерге қайтадан жан бітіруге болады. Мысалы, жейде не көйлегіңнің жағасына әдемі моншақтар не бисерлерді тігіп қойсаң, әлде плащь не пальтоның жеңін келістіріп қысқартып қойсаң, жаңа сәнді, әрі тамаша киім пайда болады.