Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров 17 жастағы ұлы Адамды үйлендірді. Ол үйлену тойына қандай қонақтар келгенін Telegram каналына жазып отыр.
Достар, Грозныйда өзім аса қадірлеп, құрметтейтін адамдар арасынан көптеген қонақты, сондай-ақ Иран, БАӘ, Түркия және Қазақстан елшілерін көргеніме қуандым. Олардың бәрі отбасымызды Шешен Республикасының тұңғыш президенті, Ресей батыры Ахмат-Қажы Қадыровтың немересі – Адамның үйлену тойына құтты болсын айтып келді, — деп жазды Рамзан Қадыров.
Қазір Ресейдің Қазақстандағы елшісі — Дәурен Абаев.
Естеріңізге сала кетейік, Рамзан Қадыровтың ұлы Адам 28 маусымда үйленді. Адам Қадыров — Шешенстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі хатшысы.