Басты бетЖаңалықтарСенбі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, жаңбыр, бұршақ пен жел күтіледі. Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлап отыр.

Астанада найзағай болады деп күтіліп отыр.

Талдықорған мен Қонаев қалаларында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

Ақтөбе мен Жетісу облысында найзағай, қатты жел және жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Алматы және Қарағанды облыстарынданайзағай, жел, тұман және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Петропавл қаласында, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, тұман, жел және жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда, Тараз, Жамбыл және Қызылорда облыстарында найзағай, дауыл, шаңды дауыл, қатты жел және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Жезқазған, Орал қалаларында, Ұлытау жәнеБатыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.