8 мамыр: Бүгін қандай күн?

Бүкілдүниежүзілік Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест күні

1953 жылдан бастап «Қызыл Крест» халықаралық қоғамының негізін қалаушы, швейцар гуманисі, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының иегері Анри Дюнанның құрметіне жыл сайын атап өтіледі. Ал қозғалыстың өзі 1863 жылы жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия құрылған кезде пайда болып, алғашында соғыс майдангерлеріне және ұрыс барысында жарақаттанғандарға көмек көрсеткен. 1864 жылдың тамызында Швейцарияда қол қойылған конвенцияға сәйкес, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің символы ретінде ақ түстегі Қызыл Крест алынған. 1906 жылы Осман империясында мұсылман елдерінің Қызыл Крестке ұқсас Қызыл Жарты ай қайырымдылық қоры құрылды. Осы екі қауымдастық та Женева қаласында штаб-пәтері орналасқан Халықаралық комитетке бағынышты. Әскери уақытта Комитет соғысушы елдермен және Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай аумақтық бөлімшелері арасында делдалық қызмет атқарады. Бұл ұйымның өкілдері тұтқындар мен босқындар лагерлері аймағына бөгетсіз өту құқықтары бар. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған екі қозғалыс әлемнің 180 еліндегі 400 миллионнан астам адамды біріктіреді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай ұлттық қоғамы құрылып, 2003 жылдың желтоқсан айында Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдары Халықаралық федерациясына қабылданды.

Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған зерде және татуласу күні

2004 жылғы қарашаның 22-де Бас Ассамблея мамырдың 8-і мен 9-ы зерде және татуласу күні деп жариялап, мүше-мемлекеттердің әрқайсысы өз жеңіс күнін, азат етілген күнін және мереке күнін белгілей алатынын мойындай отырып, барлық мүше-мемлекеттерге, БҰҰ жүйесіндегі ұйымдарға, үкіметтік емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары құрметіне атап өтуге шақырды.

Еуропада Жеңіс күні

1945 жылдың 7 мамыр күні Реймсте Үшінші рейхті капитуляциялау туралы актіге қол қойылды. Алайда ол Сталинді қанағаттандырмады және қайта қол қойылып шықты. Қайта қол қою Мәскеу уақытымен 9 мамыр күні сағат 00:43-те өтті. Бірақ, бұл орталықеуропалық уақыт бойынша 8 мамыр күні болатын. Осы себепті Жеңіс күнін көптеген Антигитлерлік коалиция елдері бұрынғы КСРО елдері сияқты 9 мамыр күні емес, 8 мамырда атап өтеді.