Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Словакия премьер-министрі Қазақстанға келеді

Фото: ТАСС
10-11 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Словакия премьер-министрі Роберт Фицо ресми сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Келіссөздер барысында Қазақстан президенті мен Словакия үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды.