Астананың №1 көпбейінді қалалық ауруханасы кардиохирургтары ашық жүрекке жасалған алғашқы операцияны сәтті өткізді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.
Кардиохирургиялық патология Қазақстан халқының өлімі мен мүгедектігі құрылымында жетекші орында тұр. Жүрек-қан тамырлары ауруларын, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруын, қақпақшалар ақауын, инфекциялық эндокардитті және аорта аневризмасын уақтылы емжеу керек және ем жоғары технологиялық тәсілді қажет етеді.
Енді №1 көпбейінді қалалық ауруханасында елорда тұрғындары мен өзге өңірлерінен барған пациенттер коронарлық артерияны шунттау, жүректің қақпақшасы аппаратының туа біткен және жүре пайда болған ақауы кезінде реконструктивті және протездеу операциясын жасау сияқты және хирургиялық санация мен қақпақшаларды ауыстырудың заманауи әдістерін қолдана отырып, инфекциялық эндокардитті емдеу және араласудың басқа түрлерін қоса алғанда коронарлық артерия ауруының жіті және созылмалы түрлерінде жоғары технологиялық мамандандырылған жоспарлы және шұғыл кардиохирургиялық көмек ала алады, — делінген хабарламада.
Кардиохирургиялық бөлімшені ашу нәтижесінде жедел диагностика және ерте хирургиялық емдеу хаттамаларын енгізу есебінен ЖИА және жіті коронарлық синдромның асқынған түрлерінен болатын өлім төмендеуі, қақпақшалық жүрек ақауы бар пациенттердің өмір сүру сапасы жақсаруы, инфекциялық эндокардит кезінде өлім төмендеуі мүмкін.