Басты бет Жаңалықтар Елімізде алтын өндірісі артты

Елімізде алтын өндірісі артты

Индустрияландыру картасы бойынша биыл шамамен 700 млрд теңге болатын 100-ден астам жобаны іске қосу көзделіп отыр.

10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,6 млрд. теңгенің 10 жобасы іске қосылды. 415 тұрақты жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ биыл металлургия өнеркәсібінде ірі кәсіпорындар өндіріс көлемін арттырды.

Бірінші тоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%, тау-кен өнеркәсібінде 5,6% артты. Бұл түсті металдар кенін өндіру көлемінің 10,8% және темір кенін өндіру көлемінің 11,4%-ға өсуімен байланысты. Өткен жылдың және биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңдеу саласында 6,5%-ке тұрақты оң өсім болды. Отандық экономикадағы бұл оң үрдіс индустрияландыру саясатының арқасында қалыптасты.

«АрселорМиттал Теміртауда» болат өндірісі 7% (889,5 мың тонндан 951,9 мың тоннаға дейін), «Казхромда» ферроқорытпа 8% (437,3 мың тоннадан 471,3 мың тоннаға дейін),  «Казцинкте» қорғасын өндірісі 10% (33 мың тоннадан 36,5 мың тоннаға дейін), алтын өндірісі 12% (3,8 тоннадан 4,3 тоннаға дейін), сондай-ақ, «Қазақмыс» корпорациясында мыс өндірісі 2% (55,4 мың тоннадан 56,4 мың тоннаға дейін), алтын өндірісі 6% (0,85 тоннадан 0,9 тоннаға дейін), «УКТМК» АҚ-да титан құймалары өндірісі 5%-ға өсті.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version