Басты бет Жаңалықтар Қазақстан 118 елге тауар экспорттайды

Қазақстан 118 елге тауар экспорттайды

Қазіргі кезде Қазақстан дүние жүзінің 118 мемлекеттеріне өңдеу өнеркәсіптері шығаратын тауарлардың 800 түрін экспортқа шығарады. Ал машина жасау және құрылыс материалдарын шығару салаларындағы өндірісте бәсеңсу байқалады. Бұл жөнінде «Made in Kazakhstan» брендін дамыту» атты тақырыпта өткен экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында баяндалды.

©Forbes.kz

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның өңдеу өнеркәсіптері қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, қара, түсті металлургия, химиялық және фармацевтикалық өндірістік секторлардың өзінде де өсу байқалады.

Қазіргі кезде Қазақстан дүние жүзінің 118 мемлекетіне 800 түрлі тауар экспорттайды.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстанның сауда сөрелеріндегі тауарлардың басым бөлігі шетелдік тауарлардың үлесінде, ал отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару іс-шаралары тек қана шетелдерде ақпараттық-жарнамалық стендтер ілумен, көрмелер, сауда миссияларын өткізумен шектелген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version