«Нұрлы жер»: 10 сотық жер қандай жағдайда беріледі?

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында министр Жеңіс Қасымбек 10 сотық жерді алу үшін тізімде тұрған азаматтар өте көп болғандықтан, әкімдікпен келісімге келгендігін хабарлады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Өткен аптада Алматы облысына барғанда салынатын үйдің 80%-ы жеке меншік тұрғын үйлер болатынын білдім. Ал («Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша – автор) тізімде он сотық жерді алу үшін тұрған азаматтар өте көп. Сондықтан біз әкімдіктермен мынадай келісімге келдік. Енді инфрақұрылым салынған соң ғана 10 сотық жер беріледі», — деді министр.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек өңірлерге инфрақұрылымды дамыту үшін тиісті қаражаттың берілетіндігін атап өтті.

«Инфрақұрылымға жыл сайын бюджеттен ақша беріп жатырмыз. Әрбір облысқа 1,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Республика бойынша жылына 40 мың адамға жер беріледі», — деп түйіндеді сөзін Жеңіс Қасымбек.

 

ДереккөзBaq.kz