Басты бетPushТемірлан Еңсебек ісі бойынша апелляциялық сот 27 мамырда өтеді

Темірлан Еңсебек ісі бойынша апелляциялық сот 27 мамырда өтеді

Темірлан Еңсебек ісі бойынша апелляциялық сот 27 мамырда өтеді. Бұл туралы Темірлан Еңсебектің жұбайы Мария Кочнева хабарлап отыр.

Мария Кочневаның сөзіне қарағанда, сот онлайн өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірде Алматы соты «Ұлтаралық араздық қоздырды» деген айыппен QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебектің бостандығын бес жылға шектеген.

Темірлан Еңсебекке журналистік, құқық қорғау және саяси қызметпен айналысуға, бейбіт жиындарға қатысуға тыйым салынды. Ноутбук пен телефон айғақ зат деп танылып, мемлекет пайдасына тәркіленді.

Темірлан Еңсебек пен адвокаты Жанар Балғабаева айыппен келіспейтінін, үкімді апелляцияға беретінін айтқан. Бір айта кетерлігі, мамырдың басында Темірлан Еңсебек QazNews24 сатиралық парақшасынан кетті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да