«Кейбір елдерде бетін жауып жүруді талап ететін болғандықтан, бұрынғыларына сәйкес келмейтін жаңа ережелер қабылданды», — делінген FIBA мәлімдемесінде.
Революциялық жаңалық қазірдің өзінде мақұлданып, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап өз күшіне енеді. Бұған дейін киімнің бұл түріне алаңдағы ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тыйым салынған.
2014 жылдың қыркүйек айында алаңда хиджаб киюге тыйым салынғандықтан, Катардың баскетболдан әйелдер құрамасы Азия ойындарына қатысудан бас тартқан болатын.