Басты бетЖаңалықтарШерзаттың сотындағы дау: сот прокурорды ауыстырудан бас тартты

Шерзаттың сотындағы дау: сот прокурорды ауыстырудан бас тартты

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Болаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.

Сот отырысы кезінде сотталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді.

Дархан Әскентайдың адвокаты прокурор Дана Сәрсенбайды дауыс көтеріп, бұрмалап сұрақ қойып жатыр, қысым көрсетіп жатыр деп отыр. Осыдан кейін бүкіл айыпталушылардың адвокаттары бір ауыздан прокурорды ауыстыруды сұрады.

Кеңес бөлмесінен келген судья Ержан Жанұзақов прокурорды ауыстырудан бас тартты.

ҚР қылмыстық кодексінің 87, 88 баптарында нақты қандай жағдайда мемлекеттік айыптаушы іске қатыса алмайтыны көрсетілген. Мұндай жағдайлар сотпен анықталған жоқ. Мемлекеттік айыптаушы Сәрсенбайдың бұл іске қандай да бір мүдделілігі, тікелей не жанама қатыстылығы анықталып отырған жоқ, — деді судья Ержан Жанұзақов.

Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ер адам өзіне қол салған делінеді. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. 

2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзды деп, 15 тәулікке қамап тастаған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да