Басты бетЖаңалықтарАстанада өткен қайырымдылық марафонында 3 мың адам жүгірді

Астанада өткен қайырымдылық марафонында 3 мың адам жүгірді


Астанада Charity Samruk Marathon үшінші қайырымдылық марафоны өтті. Оған 3000 адам қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлап отыр.

Қатысушылар 5 және 10 км қашықтықта 5 жас санаты бойынша жүгірген.

2022 жылдан бері тұрақты жүгіремін. Осы уақыт ішінде 5, 10 км әуесқой жарыстарға және жартылай марафондарға бірнеше рет қатыстым. Samruk-Kazyna Trust марафонына үшінші рет қатысып тұрмын. Бұл жарысқа қатысу екі есе қуантты. Себебі жиылған қаражат балаларға көмек қылып беріледі, – дейді спортшы Дмитрий Докучаев.

Іс-шараны Астана әкімдігі мен Samruk-Kazyna Trust қоры ұйымдастырды.
Жүгіру қашықтығы бірнеше аймаққа бөлінді.

«Мейірімділік мекені» аймағында инклюзия кабинеттеріне баратын ерекше білім беру қажеті  бар балалар қатысушыларға арнап гүл егу бойынша шебердік сағатын өткізді. Бұл науқанға ата-аналар балаларымен қатысты. Жалпы 50 гүл егілді.

Шеберлік сағаты инклюзия кабинеттеріндегі сабақ дене күйін жақсартуға, ерекше қажеті бар балалардың әлеуметтік интеграциясын дамытуға, олардың қарым-қатынас, жауапкершілік және қоршаған әлеммен өзара әрекеттесу дағдысын дамытуға қалай ықпал еткенін көрсетті.

Әркім өз гүлін егіп қана қоймай, қайырым маңызды екенін еске салу үшін гүл ыдысын да алып кете алады.

Іс-шараға қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов та қатысты.

Бүгін біз ерекше білім беру қажеті бар балаларға арналған жаңа инклюзия кабинеттерін ашуға қаражат жинап, игі іс үшін бас қосып отырмыз. Былтыр марафонға 1200 адам қатысса, қазір 3 мыңға жуық қатысушы бар. Олар — «Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері ғана емес, қала тұрғындары, кәсіпкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, спортшылар және серіктестеріміз. Сіздердің және 50-ден астам серіктестің қолдауының арқасында 200 миллион теңге жинадық, – деді Нұрлан Жақыпов.

Балаларға арнап «Қазақ ауылы» аймағы жасалды. Балалар онда асық атудан, арқан тартыстан бақ сынады, бес тас пен ләңгі ойнады.

Желаяқтар естелік медаль алды, ал жеңімпаздарға арнайы сыйлық берілді.

Марафоннан түскен ақшаға Астанадағы мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға жұмсалады. Жарыстан кейін «Таза Қазақстан» эконауқаны өтіп, марафонға қатысқандар айналадағы қоқысты тазартты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да