Басты бетЖаңалықтарОралда қосалқы станцияда тоқ соққан бала қаза болды

Оралда қосалқы станцияда тоқ соққан бала қаза болды

Оралда қосалқы станцияда тоқ соққан бала қаза болды. Бұл туралы «Мой город» хабарлап отыр.

30 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет көшесіндегі №82 үйдің жанында қайғылы оқиға болды.

Куәгерлердің айтуынша, баланың добы сымдардың арасында тұрып қалған. Оны алу үшін қосалқы станцияның төбесіне шыққан баланы қатты тоқ соққан. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның денесінің 95%-ін төртінші дәрежелі күйік шалған. Ол жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Дәрігерлер баланың жағдайы өте ауыр деп бағалады.

2 мамырда баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Полиция тергеуді бастады. Қылмыстық іс қозғалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да