Басты бетЖаңалықтарҚұрылысты бақылауға арналған бірыңғай портал іске қосылады

Құрылысты бақылауға арналған бірыңғай портал іске қосылады

Қазақстанда құрылысты бақылауға арналған бірыңғай портал іске қосылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты.

Портал құрылыстың барлық кезеңін — жоспарлау, жобалау және нысанды салу процесін бақылауға көмектеседі. Әрбір нысанға арнайы нөмір беріледі.

Қала құрылысы қызметінің ашықтығын, қала жобаларын әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік нысанның бірегей нөмірін енгізуді пысықтады. Бұл шара құжаттардан бастап нысанды пайдалануға енгізілгенге дейінгі нысаналы мақсатқа сәйкестігін түпкілікті тексеруді қамтамасыз етеді, — деді Қуандық Қажкенов үкіметтің бүгінгі отырысында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да