4 мамыр: Бүгін қандай күн?

 Қытайда  Жастар күні

1919 жылдың 4 мамырында көшбасшыларымен бірге Бейжің университетінің 3000-ға жуық студенттері Тяньаньмэнь алаңына жиналып, Қытай үшін әділетсіз Париждің бейбіт келісімін қабылдаудағы үкіметтің шешіміне қарсы шықты. Алғашында Шэньси-Ганьсу-Нинся ауданында Солтүстік-Батыс жастар одағы осы күнді атап өте бастады, ал 1949 жылдың желтоқсан айында Орталық халық үкіметінің мемлекеттік әкімшілік кеңесі (ҚХР) бұл күнді мереке ретінде жариялады.

Нидерландыда соғыста қаза тапқандарды еске алу күні

Нидерландылықтар жыл сайын дәстүрлі түрде дәл осы атаулы күні ҰОО соғысында қаза тапқандарды еске алады. Алғашында екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан голландықтар үшін арналған болса, 1961 жылдан бастап барлық әскери қақтығыстарда қаза тапқандарды еске алу күні деп есептелінеді.

Жапониялықтар үшін көгалдандыру күні

«Көгалдандыру күні» Жапонияда 2007 жылға дейін сәуірдің 29-ында атап өтілген. Мерекенiң негізгі атауы Сёва императорының атымен және оның табиғатқа деген терең махаббатымен байланысты. 2007 жылдан бастап бұл күн 4 мамырда атап өтіледі.

Халықаралық өрт сөндірушілер  күні

1999 жылы Австралияда болған орман өртінде бес өрт сөндірушінің қаза болуына байланысты бекітілді.

ДереккөзJuldyz.kz