Оралда «Айбын» әскери-патриоттық іс-шарасы өтті. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында Теректі орталық стадионында «Айбын» әскери-патриоттық іс-шарасы өткізілді, – делінген хабарламада.
Іс-шараға ауданның 14 мектебінің 8-11 сынып оқушылары қатысқан. Сайысқа қатысушылар арқаға жатып денені көтеру, әскерилендірілген кросс, әскерилендірілген эстафета, арқан тарту, пневматикалық винтовкадан ату және АК-74 бөлшектеу мен жинау бойынша өзара мықтыны анықтаған.
Жалпыкомандалық есеп бойынша Шаған жалпы орта білім беру мектебі жеңімпаз атанған.